«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өңірдің дамуы – басты назарда

Өңірдің дамуы – басты назарда
Ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШСның басқарма төрағасы Александр Бабичевпен кездесу өткізді. Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы «Өңірлік даму» және «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» жөніндегі аймақтық кеңестерінің бірлескен отырысы өтіп, онда инвестициялық жобалар мен көктемгі дала жұмыстарының барысы қаралды.

Кеңес отырысына кеңес мүшелерімен қатар партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбек, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Болат Сағынбеков, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ернар Оразбай қатысты. Сонымен қатар жиынға аумақтық филиал төрағалары, аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары мен бөлім басшылары онлайн форматта қосылды. Жиынды «Өңірлік даму» жөніндегі аймақтық кеңестің төрағасы Фарида Жүнісова жүргізді.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы өңірлік Жол  картасының орындалу барысы болды. Аталған құжатқа сәйкес, 2027 жылға дейін облыста жалпы құны 1,6 триллион теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 3700- ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл бағытта облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ернар Оразбай баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар туризм саласын дамыту мәселесі де кеңінен сөз болды. Жамбыл өңірі тарихи-мәдени мұраларға бай, туристік әлеуеті жоғары аймақ ретінде ерекше аталып өтті. Отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер де көтерілді. Атап айтқанда, өндіріс орындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу және құжатт андыру процестерін жеделдету мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы, «Көне Тараз» тарихи кешенін дамыту, сондай-ақ «Төрткүл» керуенсарайының қазіргі жай-күйі туралы сауалдар қойылды. Кеңесте қаралған екінші мәселе – көктемгі дала жұмыстарының барысы. Бұл жөнінде облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Болат Сағынбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірде көктемгі науқанға қажетті материалдық-техникалық база дайындалып, агротехникалық шараларды уақтылы өткізу бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі ұйымдасқан түрде өткізу қажеттігі атап өтілді.

Жалпы, кеңес отырысында  өңірдің экономикалық дамуы, инвестициялық тартымдылығын арттыру және ауыл шаруашылығы саласын қолдау бағытындағы маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Алдағы кезеңде аталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Мадина МҰСАБАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар