«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақша киінгендер көш бастады

Қазақша киінгендер көш бастады
Aлтынбек Қартабай
Наурызнаманың онкүндігіндегі Ұлттық киім күнінде «Ұлттық киім трендте» атты ақция өткізілді. Онда екі бағыт бойынша Тараз қаласының орталық көшелерімен ұлттық нақышта киінген өнерпаздар жүріп өтті. Алғашқы бағытта «Март» ойынсауық орталығы, «Көне-Тараз» тарихиэтномәдени кешені қамтылды. Бұл топқа 40 шақты ұлттық киімдегі Тараз қаласының қолөнершілері қатысты.

– Біздің ұлттық киімнің, ондағы әрбір ою-өрнектерінің өзіндік мән-мағынасы бар. Мысалы, біз киіп жүрген кимешек әйел адамның жасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Кимешек әйел адамның тек шашын жауып, басын сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғап ғана тұрмай, кеуде, бөксе тұстарын жауып, дене бедерін жасырып тұрады. Тіпті киім-кешекке салынатын ою-өрнектердің де адам жасына қарай қолданылатын түрлері көп. Бұл халқымыздың әуел бастан көрегендігін, өмірлік сауаты кеңдігін байқатады. Ертедегі ата-әжелерімізден бізге жеткен осындай мағынасы зор ұлттық киімдерімізді кейінгі жастарға өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре жеткізу – біздің міндетіміз, – дейді Жайдаркүл Рахметілдақызы.

Акция аясында келесі бағыт Қ.Рысқұлбеков саябағы, «ЦУМ-Алатау» әмбебап дүкені, «Жастар» аллеясы мен Т.Рысқұлов саябағы аралығында алуан әшекеймен сәнденген яғни, оюлы бешпет киінген қыз-келіншектер, ақ кимешекті әжелер, көздің жауын алар оюөрнекті тақия, шапан киген жігіттер әндетіп, көш бастады.

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар