Бұл күн тек табиғаттың түрленуімен ғана емес, қоғамның да серпілісін білдіреді. Адам баласы айналасын тазалап, ой-санасын жаңғыртып, жаңа бастамаларға қадам басады.
Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жас қызметкерлер тал егіп, мекеме аумағын тазалады. Осылайша, олар табиғаттың оянуын, ынтымақ пен тазалықты білдіретін күнді ескерусіз қалдырмады.
Бір тал кессең, он тал ек» қағиданы мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері тал егу арқылы табиғат-анаға, күллі жаратылысқа шынайы ықыласын білдіріп, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыруға атсалысты. Қоршаған ортаның жақсаруына, шырайының әрленуіне, жасы желекке бөленуіне өз үлесін қосқан жас қызметкерлер тал отырғызу шарасында белсенділік танытты.
Ұқсас жаңалықтар
Ауызша келісім – сан соқтырады
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




