Ол оқушыларға білім беріп қана қоймай, қазақ тілін құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жан. Онымен сөйлесе қалсаңыз, қазақ тілін жатырқамай, табиғи әрі таза сөйлейтініне еріксіз сүйсінесіз. Кейде тіпті өзімізден артық сөйлейтіндей әсер қалдырады. Мақалдатып сөйлегенде қазақшасы кей қазақтың өзің шатастырады. Жүрегі қазақ деп соққан көгілдір көзді Юра салтдәстүр, әдет-ғұрып, жөнжоралғыға да мықты.
– Бұл – менің таңдаған жолым. Мен Қазақстанда тұрамын, қазақ халқының мәдениетін сыйлаймын. Ораза – тек дін ғана емес, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Қадір түнін де күтемін. Жан-жарым мен балаларыма, жұмысыма, айналама құрметпен қараймын. Көбі мені «Жуа лының қазағы», деп біледі. Рас, ауылда өстім, ауыл балаларымен ойнап, қазақша емін-еркін сөйлеп ер жеттім. Өзге ұлт болсам да, айтарым бір: бәрімізді жаратқан бір Алла, тіліміз бен дініміз бөлек болғанымен, бір жаратушыға бағынамыз. Жарым екеуіміздің шағын кәсібіміз бар. Ұлым бірінші сыныпта оқиды, қызым ба лабақшаға барады. Отбасымызда екі тілде де сөйлесеміз. Жалпы күн сайын елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын деп тілеймін, – дейді ол.
Шынында да, кейде өзіміз бағалай бермейтін құндылықтарды сырт көз бізге қайта е ске салатындай. Тілге деген құрмет, рухани тазалық, сабыр мен тәрбие – мұның бәрі оразаның мәнінде жатыр. Юраның мысалы бізге бір қарапайым шындықты ұқтырады: тілде, мәдениет те ұлтқа бөлінбейді. Оны құрметтеген адам ғана шынайы бағасын түсінеді. Осындай жандар көбейсе, қоғамдағы түсіністік те, бірлік те нығая түсер еді.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Шаңырақ – ұлт бірлігінің белгісі
- 18 наурыз, 2026
Сыршыл ақынның сыбызғы әндері мен жырлары
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




