Өсімнің басты себептеріне мұнай нарығындағы оң динамика әсер етті. Әлемдік нарықта «қара алтын» бағасының тұрақты өсуі КМГ-ның қаржылық көрсеткіштеріне тікелей әсер етуде. Мұнай бағасының жоғарылауы компанияның табысты арттырып, оның акцияларына деген сұранысты қыздыра түсті. Таяу Шығыстағы қазіргі геосаяси жағдай аса күрделі және соңғы онжылдықтардағы ең ірі дағдарыстардың бірі ретінде бағалануда. 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әскери операциясы аймақты үлкен соғыс өртіне орады. Соның әсерінен мұнай бағасы 100 доллардан жоғары бағаға саудалануда. Дивидендтік күтулер: Инвесторлар арасында компанияның алдағы уақытта төлейтін дивидендтеріне қатысты оң болжамдар басым. Бұл акцияларды ұзақ мерзімді актив ретінде тартымды етеді.Өндірістік қуаттың артуы: Компанияның ірі жобаларды іске асыруы және экспорттық бағыттарды әртараптандыруы нарық ойыншылары тарапынан оң бағасын алды.
The Economist сарапшылары мұнай бағасы тағы өседі деп болжайды. The Economist басылымының сарапшылары егер Ормұз бұғазы айдың соңына дейін жабық тұрса, «қара алтын» бағасы барреліне 150 немесе тіпті 200 долларға дейін шарықтайды деп болжайды. Мұндай баға с екірісі әлемдік экономиканы терең рецессияға итермелеуі мүмкін. Дегенмен дағдарыстың екінші жағы да бар: санкция құрсауында болса да, мұнайын сыртқа шығаруға қауқарлы елдер үшін бұл күтпеген экономикалық өсімге жол ашуы ықтимал.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Хмель өңірдің жаңа бренді бола ала ма?
- 17 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




