Шаңырақ күнінде Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Шаңырақ – ұлт бірлігінің белгісі» атты әдебитанымдық кеш өтті. Іс-шара аясында №69 орта мектептің оқушылары өнер көрсетіп, кештің мазмұнын байыта түсті. Сонымен қатар әндер шырқалып, ұлттық билер орындалып, тақырыптық көріністер қойылды.
– Бұл іс-шарада біз ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеуді, шаңырақтың отбасы мен қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіруді мақсат еттік. Сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайту көзделді. Кеш барысында қазақ халқы үшін киелі ұғым саналатын шаңырақтың символдық мәні кеңінен насихатталып, оның ұрпақ сабақтастығы мен отбасы бірлігін білдіретін маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар Наурыз мерекесінің тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерге арналған бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға танымдық мазмұндағы ақпарат ұсынылды, – дейді аталған кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Айгүл Туктиева.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар жастарға ұлттық бірлік, татулық, патриотизм және елге адал қызмет етудің маңыздылығы жөнінде мазмұнды ой-пікірлерін білдірді. Оқушылар да өз отбасыларындағы қызықты оқиғаларын айтып, ортақ мүддеге жұмылып, бірлікпен өмір сүрудің мазмұнын кеңінен әңгімеледі.
Қамар Қарасаева
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




