Digital Qazaqstan Battle – жүлде қоры 19 миллион теңгені құрайтын ұлттық стартап жарысы. Байқаудың мақсаты – жас кәсіпкерлер мен әзірлеушілердің технологиялық идеяларын қолдау, стартап мәдениетін қалыптастыру және өңірлік инновациялық бастамаларды дамыту. Жартылай финал барысында қатысушы командалар өз жобаларын сарапшылар алқасына таныстырды.
Айта кету керек, биылғы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Тараз қаласынан бірден 9 стартап жоба жартылай финалға жолдама алған. Бұл көрсеткіш Қазақстан өңірлері арасындағы жоғары нәтижелердің бірі саналады және өңірдегі IT-экожүйенің қарқынды дамып келе жатқанын айқындайды.
Жартылай финалға өткен жобалардың қатарында Abadiy AI Factory, Reco, Axel, Jedel_AI, Math Galaxy, SuSupply, Ümit, Qazaq Sign және AdilAI стартаптары бар. Бұл жобалар жасанды интеллект, білім беру технологиялары, құқықтық сервистер, қоғамдық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару және цифрлық ассистенттер сияқты түрлі бағыттарды қамтиды. Сарапшылар алқасының шешімі бойынша, Тараз қаласының атынан Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan Battle финалына Reco жобасы жолдама алды.
Аталған жобаны Шырын Омарова таныстырды. Reco – жасанды интеллектіні қолдана отырып бухгалтерлік және басқарушылық есепті автоматтандыруға арналған есептік жүйе. Финалдық кезеңде бұл жоба Қазақстанның әр өңірінен келген үздік стартаптармен бірге бақ сынайды. Аталған іс-шара өңірдегі стартап қозғалысын дамытуға, жастардың технологиялық бастамаларын қолдауға және облыстың инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар мұндай алаңдар жас кәсіпкерлерге өз жобаларын кеңінен таныстырып, инвесторлар мен сарапшылар алдында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Мадина МҰСАБАЙ
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




