Қазақстанның зайырлы мемлекет екендiгi Ата Заңымызда бекiтiлген. Бұл бiздiң елiмiзде дiни ұйымдар мемлекеттiң қызметiне араласпайды, сондай-ақ олардың өзiндiк қызмет саласына мемлекет те қол сұқпайды деген сөз. Діни толеранттылық зайырлы қоғамның маңызды құндылығы. Ол әртүрлі конфессия өкілдерін сыйлауды, олардың сеніміне құрметпен қарауды және қоғамдағы бейбіт өмірді қамтамасыз етуді білдіреді. Әсіре се көпұлтты және көпконфессиялы елдер үшін бұл құндылықтың мәні зор.
Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттерде діни толеранттылық әлеуметтік үйлесімділіктің, ұлтаралық және мәдени бірліктің негізгі факторы болып саналады. Толерантты ортада әртүрлі сенім иелері өзара сыйласып, қоғамдық келісіммен татулықты қалыптастырады. Діни толеранттылықтың мысалы ретінде елімізде тұратын 18 - ден астам конфессия өкілдерінің бейбіт өмір сүруін келтіре аламыз. Бұл ұлттық тұрақтылықтың, бірліктің және рухани байлықтың кепілі. Зайырлы қоғамда діни толеранттылықтың рөлі ерекше. Біріншіден, ол қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Егер адамдар бір-бірінің діни сеніміне құрметпен қараса, қоғамда қақтығыс, бөлінушілік азаяды. Екіншіден, толеранттылық ұлтаралық және конфессияаралық диалогты нығайтады. Әртүрлі дін өкілдеріне ортақ құндылықтар – бейбітшілік, адамгершілік, ынтымақ аясында бірлесе әрекет етеді. Сонымен қатар мектептер мен отбасында діни төзімділікке тәрбиелеудің маңызы зор.
Жас ұрпақ басқа сенімдерге ашық, түсіністікпен қарауды үйренгенде ғана қоғамның ертеңі тұрақты болады. Бұл – елдің мәдени және рухани дамуына да ықпал ететін фактор. Қорытындылай келе, діни толеранттылық – зайырлы мемлекеттегі бейбіт өмірдің негізгі тірегі. Әр адамның сенім еркіндігін құрметтеу, өзгелердің құқығын бағалау қоғамның өркениетті дамуына жол ашады. Зайырлы елде толеранттылықтың нығаюы қоғам бірлігін бекітіп, тұрақты болашаққа негіз болады.
Алтынай ҚЫДЫРБАЙ
облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




