Тараз қаласында интернет-алаяқтарға көмектесіп, азаматтардың жеке деректері арқылы SIMкарталарды заңсыз тіркеген екі ер адам ұсталды. Бұл деректі Жамбыл облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында анықтаған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы әрекет ететін алаяқтық топтармен байланыста болған. Атап айтқанда, олар Telegram желісіндегі қылмыстық сипаттағы топтармен қарым-қатынас жасап отырған. Күдіктілер азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) заңсыз пайдалану арқылы олардың атына SIMкарталарды тіркеген. Кейін бұл нөмірлер интернет алаяқтар тарапынан пайдаланылып, түрлі мекеме қызметкерлері атынан хабарласу арқылы азаматтарды алдап, ақша қаражатын иемдену мақсатында қолданылған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүргізілген тінту барысында күдіктілердің пәтерінен бірнеше ұялы телефон, ноутбук және байланыс операторларына тиесілі SIM-карталар тәркіленді. Бұл құрылғылар мен нөмірлер қылмыстық әрекеттерге пайдаланылған болуы мүмкін деген күдік бар. Тергеу барысында әрбір заңсыз тіркелген нөмір үшін күдіктілерге 3-5 USDT көлемінде криптовалюта төленіп отырғаны анықталған. Яғни қылмыстық әрекеттер онлайн форматта ұйымдастырылып, төлемдер цифрлық активтер арқылы жүзеге асырылған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген алаяқтық бабына сәйкес сотқа дейінгі тергептексеру басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Құқық қорғау органдары азаматтарға жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуді, сондай-ақ SIMкарталарды заңсыз тіркеу әрекеттеріне қатыспау керектігін ескертеді. Киберқылмысқа қарсы күрес жұмыстары өңірде жалғасуда. Мамандардың айтуынша, интернеталаяқтықпен күресте тек құқық қорғау органдары ғана емес, азаматтардың да ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы маңызды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланған
- Бүгін, 16:25
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




