Соңғы жылдары еңбек көшіқоны белсенді сипат алып отыр. Әсіресе өңірдегі құрылыс саласының қарқынды дамуы, өндіріс орындары мен шағын кәсіпкерліктің көбеюі шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысты арттырған. Алайда заң талаптарын сақтамай еңбек ету немесе ел аумағында болу мерзімін бұзу – жауапкершілікке әкелетін әрекет екені белгілі. Анықталған азаматтардың басым бөлігі жыл басында жұмыс істеу мақсатында келгенімен, құжаттарын тексеру барысында олардың бірқатарының елде болу мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Кейбір шетелдіктердің жұмыс істеуге рұқсаты болмаған, ал кейбірінің тіпті жеке басын куәландыратын құжаты да болмаған жағдайлар тіркелген. Заңсыз еңбек еткендер негізінен құрылыс нысандарында, наубайханаларда және өндірістік зауытт арда жалданып жұмыс істеген. Олардың ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Қырғызстан азаматтары бар.
Құқық қорғау органдары тарапынан аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 22 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар сот шешімімен 125 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Заң талаптарын бұзған 100 жұмыс беруші де жауапқа тартылды. Облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығы Нұрлан Мырзайдың айтуынша, шетел азаматтары көбіне жұмыс немесе оқу мақсатында келеді. Алайда ел аумағына келгеннен кейін кейбірі көші-қон заңнамасын бұзып, тіркеусіз қалып қояды немесе құжаттарының мерзімін бақыламайды. Соның салдарынан олардың заңды мәртебесі жойылып, әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз пайда болады.
Маманның сөзінше, анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, заңсыз жүрген азаматтар өз елдеріне қайтарылған. Бұл жағдай көші-қон заңнамасын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жұмыс берушілер мен шетелдік азаматтардың да ортақ міндеті екенін көрсетеді. Заң талаптарын орындау еңбек қатынастарында тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, құқықтық қауіпсіздікті де нығайтады. Жауапты органдар алдағы уақытта да көші-қон саласындағы бақылау жұмыстарын күшейтетінін атап өтті.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланған
- Бүгін, 16:25
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




