Ата Заң Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. Тіл туралы заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі» деп атап көрсетілген.
Мемлекеттік тілді білу, оны жетік меңгеру – уақыт талабы. Мемлекеттік тіл еліміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға байланысты қиындықтар сот саласына да тән. Қазақ тілінің жағдайын жақсартуды әркім өзінен бастаса нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамын. Тараз қалалық сотының судьяларының тілді меңгеру деңгейіне тоқталатын болсақ, 20 судьяның барлығы істерді мемлекеттік тілде қарайды. Сот жүйесіндегі барлық мемлекеттік қызметшіміз мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгерген. Демек, халық сотқа мемлекеттік тілде жүгінген болса сот істерін мемлекеттік тілде жүргізуге толық мүмкіндік бар.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу және Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі атап көрсетілген.
Осы мақсатқа жұмылдырылған мемлекетіміздің өркендеу жолында мемлекеттік тілдің алатын орны ерекше. Ата Заңымыз Конституцияның 7-бабының 2-бөлігінде мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы атап көрсетілген. ҚР «Тіл туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деп көрсетілген.
Мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, сол бағдарламаларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жасалып келеді. Алайда қазіргі уақытта мемлекеттік тілді қолданудың айналасындағы айтыс – тартыстар мен көптеген пікірлер осы уақытқа дейін толастамай келеді. Өйткені тіл мәселесі – елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14- бабының талаптарына сәйкес, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Соттардағы мемлекеттік тілде қаралған істердің саны әлі тым төмен болып отыр. Өйткені бүгінгі күні талап қай тілде түссе, сот тілі сол тілде жүргізіледі. Келіп түскен талап қоюларды зерделеу барысында өкінішке орай, екі қазақ дауларын сотқа шешуге бергенде, өз табиғатына жат орыс тілінде береді. Өздері орыс тілін толық игермеген, кейбірі түсіне алмайды. Осыдан кейін олардың көбі өз дауының себебі мен салдарын сотқа жеткізе алмайды. Нәтижесінде, өз тілінде сөйлемеген, өз тілінде дауламаған жанның өзіне де, өзгеге де күдігі молаяды. Сенімсіздік туады. Бұл жағдайда, сот заң талаптары бойынша аудармашыны қатыстыруы қажет. Бұл істі созбалаңға алып келеді. Ал сот үшін әрбір азаматтың сотқа еркін қатысып, өз ойын жетік жеткізу аса қымбат. Әділ төрелік сонда ғана айтылады. Мемлекеттік тілде талап қоюлардың аздап түсуінің тағы да бірден бір себебі, ол тараптардың өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгере тұра, талап қоюларды орыс тілінде келтірулері кеңінен орын алып отырғанын атап өткен жөн.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан сотқа жүгінгенде талап қоюлар мемлекеттік тілде емес, басым бөлігі орыс тілінде беріліп отыр. Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, заңгерлердің басым көпшілігі арыздар мен басқа да ресми құжаттарды жазуда түрлі сылтаулармен қазақ тілінен айналып өтуге тырысады. Заң қағидасына сүйене отырып, мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан талап қоюларды сотқа мемлекеттік тілде тапсыруды сұрайтын уақыт жетті.
Қасиетті қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту әр қазақстандықтың қолында деген түсінікпен, әрбір мекеме басшылары өз тұрғысынан, басқаруындағы қызметкерлерден іс-құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізуін талап етіп отырса, бұндай талап арқылы мекеме басшыларының ғана емес, басқа мекеме қызметкерлерінің де қазақ тіліне деген жанашырлықтарын оятып, қазақ тілінің мәртебесін өркендетуге болады деп есептейміз. Мемлекеттік тілге деген жауапкершілік пен құрмет еліміздің әрбір саналы азаматының басты парызы. Сондықтан да елдік істерде елдік мінезбен танылатын кез келді!
Жанат ДҮЙСЕБАЕВА
Тараз қалалық сотының судьясы
Ұқсас жаңалықтар
Көші-қон заңнамасын бұзған 540 шетелдік анықталды
- Бүгін, 16:30
Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланған
- Бүгін, 16:25
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




