«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда ҚАЖ қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктелді

Таразда ҚАЖ қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктелді
ҚАЖ
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде саптық байқау ұйымдастырылды.

Онда саптық дағдыны жетілдіру әрі саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету назарға алынды. Сондай-ақ, қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларының ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай таза болуына ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар осы күні кезекті аппараттық жиын ұйымдастырылды. Басқосу барысында мекеме бастығы, әділет полковнигі Ермек Джалгасбаев жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілетінін баса айтты.

Ұқсас жаңалықтар