Сапардың маңызды нүктелерінің бірі – Алматы қа ласындағы Республика алаңында орналасқан Абай ескерткіші болды. Мұнда оқушыларды Алматыда еңбек етіп жүрген жерлес аға, әпкелеріміз және мектеп түлектері қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті. Оқушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Бұл сәт әрбір қатысушының жүрегінде ерекше әсер қалдырды. Екінші күні экспедиция мүшелері Абайдың туған жері Жидебай мен Семей қаласындағы тарихи-мәдени нысандарды араладық.
«Абай– Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абай қорық-музейі, Алаш арыстары мен Мұхтар Әуезовке арналған музейлер таныстырылып, оқушыларға қазақ руханиятының терең тамыры жайлы мағыналы мәлімет берілді. Сонымен қатар жолай «Еңлік-Кебек» ескерткіші мен Бөрілідегі Мұхтар Әуезов мұражайына соғу арқылы экспедиция мазмұны кеңейе түсті. Бұл танымдық сапар оқушыларға ерекше әсер қалдырып, рухани тұрғыдан мол азық берді. Ұлы Абайдың өмірі мен мұрасын көзбен көріп, тарихи мекендермен танысу жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін арттырып, туған ел тарихына деген құрметін күшейтті.
Жансая ИССА
№14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы.
Қаракемер ауылы,
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті
- 28 наурыз, 2026
Өңірдің дамуы – басты назарда
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




