Зауыт өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын өңірдің жол құрылысы с аласына қажетті өнім шығарып, өңір өнеркәсібінің дамуына үлес қосуда. кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 9600 шаршы метр өнімнен асады. Он бес жұмысшы бар шағын ұжым өнімді еңбек етіп отыр.
Айта кету керек, «Тараз» индустриялық аймағы өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құру мен дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға және инновациялық саясатты іске асыруға жәрдемде су мақсатына бағытталған.
Осындай өндірістік жобалар инвестициялық тартымдылығын арттырып, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал ете бастады. Жалпы, бұл жоба «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асырылуда. «Jeti Bulaq» ЖШС «Тараз» индустриялық аймағындағы бұл жобасын «Тараз» ӘКК» АҚ қаржылай қолдауымен жүзеге асырып отыр.
Марат ДИАСҰЛЫ
Журналист
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында мал саны 3,7 миллион басқа жетті
- 14 наурыз, 2026
Инвестиция - өңір дамуының кепілі
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




