«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ректор да референдумнан табылды

Ректор да референдумнан табылды
Aq jol
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры Камшат Түсіпова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ол бұл саяси науқан елдің болашағына әсер ететін маңызды шешімдердің бірі екенін атап өтті.

Ректордың айтуынша, ұсынылып отырған құжатта мемлекет дамуының ұзақ мерзімді бағыты айқын көрсетілген. Әсіресе білім мен ғылым саласына ерекше назар аударылуы қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.

– Жоғары оқу орнының басшысы ретінде бұл құжаттан еліміздің келешегін айқындайтын негізгі салалардың бірі – білім мен ғылымның сапалық жаңа деңгейге көтерілуіне басымдық берілгенін байқауға болады. Бұл тек ұран немесе декларативті құжат емес, мемлекет дамуының нақты құқықтық негізін қалыптастыратын стратегиялық бағыт, – деді Камшат Түсіпова.

Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасының ерекшеліктерінің бірі – білім, ғылым және инновация ұғымдарының алғаш рет кіріспе бөлімінде атап көрсетілуі. Кіріспе кез келген елдің даму қағидаттары мен құндылықтарын айқындайтын маңызды бөлік болып саналады. Сондықтан аталған бағыттардың дәл осы деңгейде көрсетілуі олардың мемлекет үшін айрықша маңызға ие екенін білдіреді.

Сонымен қатар конституциялық негіздерде де білім мен ғылым мемлекеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде нақты айқындалған. Бұл болашақта заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің барлық тармақтары өз саясатында осы салаларды дамытуға ерекше көңіл бөлуі тиіс дегенді аңғартады.

Камшат Түсіпова мұндай маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі аса маңызды екенін айтып, ел тұрғындарын қоғамдық маңызы бар бастамаларға бейжай қарамауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар