Шығыс халықтары тойлайтын осынау мерекені жабық мекемедегі жазасын өтеушілер де атап өтуде. Дәлірек айтқанда, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде сотты болған азаматтар арасында мерекеге орай шығармашылық жарыс ұйымдастырылып, арнайы контингент өкілдері бояу арқылы өмірдің арайлы сәттерін бейнелеуге күш салды. Олар өз туындыларында бағалай білген жанға бес күндік жалғанның әр сәті қайталанбас қуаныш екенін паш етуге тырысқан.
– Бүгін мекемеде ұлттық құндылықтарымызды бейнелейтін «Көрісу күні — Амал мерекесі» атап өтілді. Бұл мерекеде жазасын өтеушілер бейнеқоңырау арқылы туған-туысымен бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, байланыстарын тағы да нығайтты. «Көрісу күні — Амал мерекесі» баршамызға ынтымақтың, мейірімділіктің және бірліктің маңызын тағы бір рет еске салды, – делінген ақпаратта.
Сабыр БОЛАТ
Ұқсас жаңалықтар
Дала сазының дариясы – Дина
- 21 сәуір, 2026
Таразда қылмыстың қай түрі төмендемей тұр?
- 20 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




