«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астам оқыту семинары өткізіліп, оған әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымша бағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеу ұйымдастырылды.
ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылған каскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Референдумға дайындық аясында заңнамада көзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Референдум учаскелерінде болуға құқығы бар өкілдері қатыса алатын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.
Отырыс соңында дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы дәстүрлі түрде тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдарына ел бойынша дауыс беру барысы туралы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отыратыны атап өтілді. Ақпарат берілетін нақты уақыт алдын ала жарияланатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті
- 12 наурыз, 2026
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




