Ербол Қарашөкеев тыл ардагері мен еңбек адамын әйелдер күнімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 7 наурыз, 2026
- 508
Фарида Алтаева 1930 жылы дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, 37 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, білім саласында жемісті еңбек етті.
Өмірлік серігі – қоғам қайраткері, марқұм Баттал Жаңабаевпен бірге ел дамуына өзіндік үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бүгінде 2 қыз, 1 ұлдан тараған немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр.
Өңір басшысы ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолына тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.
– Бір ғасырға жуық ғұмыр кешіп, тағылымы мол өмір жолын қалыптастырдыңыз. Саналы ғұмырыңызды білім мен тәрбиеге арнап, ұзақ жылдар ұстаздық еттіңіз. Халқымыз «Ұстаз – ұлы есім» дейді. Сіздің өмір жолыңыз осы сөздің шынайы мәнін айқын көрсетеді.
Сіз соғыс жылдарының ауыр кезеңін бастан өткерген тыл ардагерісіз. Қандай уақытта да еңбек пен жауапкершілікті биік ұстадыңыз. Ұзақ жылғы еңбегіңіз бен елге сіңірген қызметіңіз кейінгі ұрпаққа үлгі. Сізге зор денсаулық, шаңырағыңызға амандық тілеймін. Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ Қант зауытында ширек ғасырға жуық еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған Раушан Ережепованы да көктемнің көркем мерекесімен құттықтады.

Аймақ басшысы Ережеповтар әулеті еңбегімен және татулығымен танылған өнегелі отбасы екенін атап өтті.
– Сіз – шаңырақтың берекесі мен жылуын сақтап отырған ардақты анасыз. Жолдасыңыз Толыбай ағамыз бен үш ұлыңыз ел тыныштығын қорғап, өрт сөндіруші қызметін абыроймен атқарып келеді. Осындай жауапты мамандық иелеріне тірек болып, оларды әрдайым алаң көңілмен күтіп алатын Сіздей аналар қашанда құрметке лайық, – деді өңір басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




