Таразда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтуде
- author «Ақ жол»
- 9 наурыз, 2026
- 804
Киелі Тараз төрінде ту көтерген бұл чемпионатқа еліміздің әр өңірінен жиналған 1 000-нан астам жас балуан қатысуда. Чемпионат 10 күнге жалғасады.
Аталған дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ ұлттық құрама сапына үміткер балуандарды анықтауда маңызды жарыстардың бірі. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасының қатарына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
Айта кетсек, бұл чемпионатта жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы тағайындалған. Қазақстан күрес федерациясы жас балуандар мен болашақ жұлдыздарға қолдау көрсету мақсатында чемпионаттың жалпы жүлде қорына 41 миллион теңге бөліп отыр.
Яғни, U15 санатының чемпиондарына 200 мың теңге көлемінде сыйақы бекітілсе, екінші және үшінші орын иелеріне сәйкесінше 100 мың және 50 мың теңге табысталады. Ал U23 санатының үздіктері 500 мың теңге, күміс жүлдегерлер 300 мың теңге, ал қола медаль иегерлері 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай марапатқа ие болады.
Бұл дода еліміздегі күрес мектептерінің деңгейін көрсететін маңызды жарыстардың бірі. Сонымен қатар, жас балуандар үшін тәжірибе жинап, алдағы халықаралық жарыстарға жолдама алуға мүмкіндік береді.
Ел чемпиондары келесі салмақ дәрежелері бойынша анықталады:
U15:
Грек-ри-м күресі 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кг, +85 кг.
Еркін күрес 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кг, +85 кг.
Әйелдер күресі 33, 36, 39, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 72 кг.
U23 :
Грек-рим күресі 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 кг, 130 кг.
Еркін күрес 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97 кг, 125 кг.
Әйелдер күресі 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг.
Ұқсас жаңалықтар
Француз инвесторлары жел электр стансасының құрылысын бастады
- 19 наурыз, 2026
Таразда полицейлер гауһар тасты әшекейлер ұрлығын жедел ашты
- 13 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




