Полиция қызметкерлерімен жедел шаралар қабылданып, автокөлік Үшарал ауылы маңында тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің жүк салғышы мен салонынан бір бас жылқының бөлшектелген еті, сондай-ақ мал союға арналған құралдар мен аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Күдіктілер жайылымда жылқыны атып алып, сол жерде сойғаны белгілі болды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 188-1 бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен (адамдар тобы болып, мал ұрлауға оқталу) сотқа дейінгі тергептексеру басталды. Күдіктілер – 49 және 65 жастағы екі ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Полиция қызметкерлері мен жүргізілген талдауға сәйкес, мал ұрлығының басым бөлігі жайылымдардан жасалатынын көрсетті. Бұл көбіне мал иелерінің малды ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдыруымен байланысты.
Облыстық Полиция департаменті азаматтарды өз малдарын қараусыз қалдырмауды, чип құрылғыларын салуды, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілік» танытып, күдік тудырған жағдайлар туралы тез арада хабарлау – қылмыстарды жедел ашуда үлкен көмек екенін ескертеді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
«Бала үшін ең маңыздысы – өзін қауіпсіз сезіну»
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




