«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бұл жай ғана заң емес

Бұл жай ғана заң емес
Ашық дереккөз
Ата Заң – бұл әділетке негізделген, заңға бағынатын, адамды бірінші орынға қоятын мемлекет құру жолы деп түсінген абзал.

Сондықтан жаңа Конституция – бүгінгі ұрпақтың ертеңгі болашақ алдындағы жауапкершілігі деп айтуға болады. Конституция қабылданған күннен емес, адамдар сол заңмен өмір сүрген күннен бастап жұмыс істейді. Бұл – ең қиын кезең.

Негізгі заңның еңбек адамы үшін шынайы қорған болатыны немесе жай ғана қағаз болып қалатыны осыған байланысты. Конституция әркімге қатысты, сондықтан бейжай қалуға болмайды. Реформалар сәтті болуы үшін әрқайсымыз оның мәнін түсінуіміз керек. Бұл өзгерістер – тек заңды жаңарту емес. Бұл – мемлекеттің адамға қарай бет бұруы. Бұл – әділетті, теңгерімді, заманауи Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам болғай.

Конституция – бұл жай ғана заң емес. Бұл біз қандай елміз, қандай қоғам болғымыз келеді, балаларымызға қандай мемлекет қалдырамыз деген сұрақтарға жауап беретін негізгі құжат болуы тиіс екендігі даусыз. Жаңа Конституция жобасы – уақыт талабы дегенді жөнсіз деуге келмес. Себебі, асау аттай зымырап, жалын сипатпай тұрған алмағайыбы аласапыран мына заманда қоғам өзгеруде, ха лықтың сұранысы артып, тиісінше оған сай жауапты, әділ, ашық, қуатты мемлекет құру міндеті тұр.

Жаңа Конституция – бұл мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін құратын және қарапайым азаматты қорғауға бағытталған жаңа қоғамдық келісім. Бұл жобаның негізі – адам. Онда өмір сүру, еңбек ету құқығы мен адам бостандығы нақты жазылған.

 Әуесхан ЗӘУІРБЕКОВ, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар