Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 11:38
- 43
Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді көктемнің жылулығы мен шуақты сәулесін сездіріп, жүректерді жақындастыратын, жан жылуын арттыратын – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – тарих тағылымын таразылап, өткенге тағзым етіп, бейбіт пен бірлік күнінің, тәуелсіздігіміздің, халық бірлігінің және ел берекесінің мәнін терең ұғынуға шақыратын ерекше сәт.
Бүгінде еліміз татулық пен тұрақтылықтың арқасында қарыштап дамып келеді. Ел игілігі жолында аянбай, барлық салада елеулі еңбек етіп жүрген әрбір жамбылдық мемлекетіміздің, өңіріміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Біздің басты құндылығымыз – келісім, басты тірегіміз – өзара сенім. Қоғамдық белсенділік танытып, қайырымдылық жасап, ел мүддесін бәрінен биік қоятын жамбылдықтарға шынайы ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.
Қадірлі жерлестер!
Өздеріңізге белгілі, әділетті қоғамға бастайтын конституциялық реформа аясында жаңа Ата заң жобасы халық назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, жаңа Конституция жобасы әділдік, тәртіпке бағыну, табиғатты аялау, отаншылдық қағидаттары мемлекет іргесін бекемдеп, өркендеудің қозғаушы күшіне айналады.
Сіздерді 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Тарихи маңызы ерекше кезеңде бірліктің бекем үлгісін көрсетеді деп сенемін.
Еліміздің кемел келешегін бірге қалыптастырайық!
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке және толағай табыстар тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




