27 ақпан – Бүкіләлемдік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін марапаттады. Бұл күні Жәнібек Жамалбекұлы азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі, кәсібилігі мен әлеуметтік жауапкершілігі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті. Ол өз сөзінде үкіметтік емес ұйымының қызметінің өкілдеріне ҚАЖ жүйесін әртараптандыру бағытындағы бірлесе атқарылған нәтижелі жұмыстары үшін ризашылығын шынайы ризашылығын жеткізіп, алдағы уақытта да серіктестік байланыс нығая түсетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірлік ҚАЖ департаментінің бастамашы болуымен түзеу мекемелерінде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен түрлі семинарлар, түсіндіру кездесулері, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл жұмыстар сотталған азаматтардың қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға, олардың өмірлік ұстанымдарын өзгертуге және заңға бағынатын азамат болып қалыптасуына өз ықпалын тигізуде.
Қазіргі таңда елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді түрде жұмыс істейді. Олар диалогтық алаңдарға белсене қатысып, қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Оған қоса қоғамдық бастамалардың қозғаушы күші болып отыр. Өз кезегінде мемлекеттік құрылымдар сындарлы диалогқа әрдайым дайын.
Ұқсас жаңалықтар
Ауызша келісім – сан соқтырады
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




