«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

480 арыз-шағым түскен

480 арыз-шағым түскен
www.gov.kz
Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру.

2025 жылы 21378 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 21527, яғни 99,3 пайызды құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1650 хабарлама жіберіліп, оның 1627-сі, яғни 98,6 пайызы орындалды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 480 арыз шағым келіп түскен, 70 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартқаны – 336, кері шақырылғаны – 56.

Марат ЕГЕМБЕРДИЕВ,

облыс бойынша ішкі мемлекеттік

аудит департаментінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар