– Бағдарламаның бірінші легі өткен жылдың қыркүйек айында өтіп, 20 бенефициарды біріктірді. Қатысушылар қаржылық және құқықтық сауаттылық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және әлеуметтік бейімделу бағыттары бойынша практикалық білім мен дағдылар алды. Бағдарламаның үшінші легі дәл осы бағыттар бойынша оқыту семинар-тренинг форматында сәуір айына жоспарланған. Ал ақпанда өткізілген семинардың мақсаты – қаржылық, құқықтық және әлеуметтік сауаттылықты арттыру, жұмыспен қамтылу және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ көшбасшылық дағдыларды дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар басқару құралдарымен, жеке қаржыны тиімді жүргізу және жинақ қалыптастыру тәсілдерімен, құқықтық сауаттылық негіздерімен, жұмыспен қамтылу және жеке ісін ашу мүмкіндіктерімен, сондай ақ бизнес-жоспар әзірлеу және гранттық қолдау алу жолдарымен танысты. Жеке блоктар көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және әйелдердің қоғамдық әрі экономикалық өмірге белсенді қатысуына арналды. Бұл жобада инклюзивтілік және әлеуметтік кедергілерді еңсеру мәселелеріне ерекше назар аударылады, – дейді жоба үйлестірушісі Севара Нұрматова.
«Тамаша үй» жобасы халықтың осал топтарының арасында әлеуметтік шеттетілу мен баспанасыздықтың алдын алуға, сондай-ақ тұрақты өмірлік және кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Осы жобаның көмегімен тиісті бағдарламаларға қатысып, баспаналы болғандар да бар. Жоба нәтижесін көретіндердің қатары алдағы уақытта арта түсеріне сенеміз.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда ағаш өңдеу зауыты салынады
- Бүгін, 10:05
167,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




