Тартысты белдесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғары дене дайындығын, кәсіби шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков турнирдің маңыздылығына тоқталып, бұл іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, жеке құрамның кәсіби даярлығының көрсеткіші екенін атап өтті.
– Полиция қызметкері физикалық тұрғыдан төзімді, тәртіпті әрі психологиялық жағынан тұрақты болуы тиіс. Спорт дәл осы қасиеттерді қалыптастырады. Кілем үстіндегі күрес көп жағдайда қызметтік міндетпен үндеседі – мұнда сабыр, тактикалық ойлау және қиын сәтте шешім қабылдай білу маңызды, – деді ол.
Сондай-ақ департамент бастығының орынбасары ішкі істер органдары жүйесінде ұлттық спорт түрлерін дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Турнир қорытындысы бойынша жеке есепте қарсылас шақ келтірмеген облыстық полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері Бегімхан Әділбеков «Полиция барысы – 2026» атағына лайық деп танылды.
Екінші орынды осы жасақтың қызметкері Орынтай Алматаев иеленсе, үшінші орын Тараз қаласы полиция басқармасына қарасты Жібек жолы ауданы полиция бөлімінің қызметкері Дияс Айтбековке бұйырды. Командалық есепте үшінші орынды Тараз қаласы полиция басқармасы Жібек жолы ауданы полиция бөлімінің командасы иеленді. Екінші орын – Қордай аудандық полиция бөлімінің командасына бұйырса, ал бірінші орынды Тараз қаласы полиция басқармасының командасы жеңіп алды. Турнир қорытындысы көрс еткендей, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығы мен ұлттық спортты қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасып, кәсіби даярлық пен рухани жетілдіруге септігін тигізеді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Мұқағали жыры – сарбаз рухының тірегі
- Бүгін, 15:29
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




