Еске сала кетейік, 2026 жылғы 21 ақпанда таңғы сағат 4:00-ден бастап аталған ауданда секундына 30 метрге дейін жеткен екпінді жел тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес 7 елді мекендегі 29 нысанның шатыры ұшқан. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 19 елді мекенде электр жарығы өшіп, 7 елді мекенде газ беру уақытша тоқтатылған. Электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылды.
Жөндеу жұмыстары аяқталуда. Т.Рысқұлов ауданында бірқатар нысан бойынша нысаналы төтенше жағдай жарияланды. Меркі ауданында да қатты жел салдарынан 5 ауылдық округтегі 27 тұрғын үйдің шатыры ішінара зақымданған. Сонымен қатар 5 білім беру нысанының шатыры мен сыртқы қасбеті бүлінген. 8 ауылдық елді мекенде электр жарығы сөнсе, 3 елді мекенде газ желілеріне зақым келген. Жалпы, екі ауданда да зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қазіргі таңда дауыл салдарынан келген шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Нұржан Календеров жұмыс сапары барысында жедел штаб отырысын өткізіп, Т.Рысқұлов және Меркі аудандары әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.
Өңір басшысының бірінші орынбасары ең алдымен электр энергиясы мен көгілдір отынның толық әрі тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен құралдарды тартуға ұсыныс беруді, құлаған ағаштар мен бүлінген шатырларды жедел тазалауды, зақым келген білім беру нысандарында балалардың қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл – халқымыздың тамыры, рухани қазығы
- 23 ақпан, 2026
Мұғалімдерге ЖИ-ді тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




