21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты әдеби байқау өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Шараның мақсаты – оқушылар мен қатысушыларды ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, сөз мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Байқау барысында қатысушылар ана тіліне қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Олар тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, көркем сөздің құдіретін танытты.
Қатысушылардың тапқырлығы мен шеберлігі әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, үздіктер марапатталды. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




