Есет Досалы «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 18 ақпан, 2026
- 584
Есет Жаңабайұлы 1977 жылы Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы наурыз айында Талас ауданы, Бөлтірік Әлменұлы орта мектебінде әдебиет үйірмесінің жетекшісі болып бастаған. 2005 жылы тамыз айында облыстық «Ар-Ай» жастар газетіне тілші болып қабылданды. 2006 -2015 жылдары аталған жастар газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі, тілші қызметтерінде болды. 2015 жылдың маусымынан 2026 жылдың ақпанына дейін облыстық «Aq jol» газетінде тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аға тілші қызметтерін атқарған.
Облыс әкімінің "Құрмет" грамотасымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2024 жылы "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
«Шөбере», «Шындық», «Өлең деп өмір сүремін» атты әңгімелер мен жыр жинақтарының авторы.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




