Кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібінде қандай мәселе қаралды?
- author «Ақ жол»
- 18 ақпан, 2026
- 117
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек пен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова баяндама жасады.
2026 жылғы 4 ақпандағы мәліметке сәйкес облыстың медициналық ұйымдарына 1 171 882 адам тіркелген. Оның 86,4 пайызы (1 012 816 адам) МӘМС жүйесімен қамтылған.
Облыс әкімі жауапты тұлғаларға сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту жұмыстарын жеделдетуді, халық арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын күшейтуді және заң талаптарына сәйкес нақты шешімдер қабылдауды тапсырды.

Мал қыстату маусымының өту барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев баяндады. 2025-2026 жылғы қыстату науқанына 3,8 млн бас төрт түлік түсті. Оның ішінде 3,2 млн бас ұсақ мал (қой-ешкі), 450,1 мың бас мүйізді ірі қара, 183,6 мың бас жылқы және 8,3 мың бас түйе бар.
Мал азығы ретінде 92,1 мың тонна сүрлем, 2,2 млн тонна пішен, 119,9 мың тонна пішендеме, 480,3 мың тонна сабан және 214 мың тонна құнарлы жем дайындалған.
Облыс аудандарында барлығы 5 862 мал қыстату орны бар. Қыстаулардағы малшыларға арналған 5 564 тұрғын үй, 2 184 қашар және 936 баз толық жөндеуден өтіп, маусымға әзірленген. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны шығынсыз өтуде.
Өңір басшысы ауа райының тұрақсыздығы мал шаруашылығына әсер етуі мүмкін екенін атап өтіп, аудан әкімдеріне қыстаулардағы ахуалды қайта зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар жем-шөптің жеткілікті көлемде жеткізілуін және ветеринариялық-профилактикалық шаралардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жекеменшік мектеп: Жамбылдағы жағдай қалай?
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




