«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өңірде жемқорлық тәуекелерін жою шаралары қарқынды түрде жүргізілуде

Өңірде жемқорлық тәуекелерін жою шаралары қарқынды түрде жүргізілуде
Aq jol
Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін кеңінен қолдану арқылы жемқорлық тәукелдерді жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда. Бұған дейін, ауыл шаруашылық саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен субсидиялау қағидаларындағы қадағалау нормаларының жеткіліксіздігінен мемлекеттік бюджеттің ысыра жұмсалу деректері анықталған. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылық тауар өндірушілері асыл тұқымды аналық басын сатып алуға субсидия алған мал басының сақталуын қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Егерде аталған міндеттемелерге сәйкес субсидияланған мал басы сақталмай сатылып жіберілсе, онда ауыл шаруашылық тауар өндірушілері тарапынан субсидияланған қаражатты қайта мемлекетке қайтару керек. Мониторинг барысында қабылдаған міндеттемелеріне қарамастан ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тарапынан 110,3 млн. теңгеге субсидияланған ауыл шаруашылығы жануарларын сатып жібергендігі және мемлекетке қайтармағаны белгілі болған. Аталған жемқорлық тәуекелдердің себеп салдарын зерделеу барысында қолданыстағы Қағидаларда аудан әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдері тарапынан мониторинг жүргізу мерзімдерінің болмауына байланысты және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен субсидияланған мал басын сақтау міндеттемелерін орындауы бойынша мониторинг жұмыстарын тиісті жүргізілмеуінің нәтижесінде орын алған. Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс беріліп, тиісінше Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген мал басының сақталуына ауыл шаруашылығы бөлімдерімен тоқсан сайын мониторинг жүргізу туралы нормалар қарастырылған. Қазіргі таңда, аудан әкімдіктермен мониторинг жүргізу тәжірибесі төселіп, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 26 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері тарапынан Қағида талаптарын бұзу деректерін анықтап, оларға 24,2 млн. теңгені құрайтын субсидия қаражатын қайтару жөнінде хабарламалар жолдады.

Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін кеңінен қолдану арқылы жемқорлық тәукелдерді жою бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда.

Бұған дейін, ауыл шаруашылық саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен субсидиялау қағидаларындағы қадағалау нормаларының жеткіліксіздігінен мемлекеттік бюджеттің ысыра жұмсалу деректері анықталған.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылық тауар өндірушілері асыл тұқымды аналық басын сатып алуға субсидия алған мал басының сақталуын қамтамасыз етуге міндеттеме алады.  

Егерде аталған міндеттемелерге сәйкес субсидияланған мал басы сақталмай сатылып жіберілсе, онда ауыл шаруашылық тауар өндірушілері тарапынан субсидияланған қаражатты қайта мемлекетке қайтару керек.

Мониторинг барысында қабылдаған міндеттемелеріне қарамастан ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тарапынан 110,3 млн. теңгеге субсидияланған ауыл шаруашылығы жануарларын сатып жібергендігі және мемлекетке қайтармағаны белгілі болған.

Аталған жемқорлық тәуекелдердің себеп салдарын зерделеу барысында қолданыстағы Қағидаларда аудан әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдері тарапынан мониторинг жүргізу мерзімдерінің болмауына байланысты және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен субсидияланған мал басын сақтау міндеттемелерін орындауы бойынша мониторинг жұмыстарын тиісті жүргізілмеуінің нәтижесінде орын алған.

Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс беріліп, тиісінше Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген мал басының сақталуына ауыл шаруашылығы бөлімдерімен тоқсан сайын мониторинг жүргізу туралы нормалар қарастырылған.

Қазіргі таңда, аудан әкімдіктермен мониторинг жүргізу тәжірибесі төселіп, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 26 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері тарапынан Қағида талаптарын бұзу деректерін анықтап, оларға 24,2 млн. теңгені құрайтын субсидия қаражатын қайтару жөнінде хабарламалар жолдады. 

Дәурен Омаров,

ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттінің Жамбыл облысы

бойынша департаменті басшысының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар