«Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Баламалы энергия көздерінің халыққа тигізер пайдасы – орасан. Өйткені, қазіргі таңда ғаламшарымызда кен байыту өнеркәсіп орындары мен басқа да шаруашылық құрылымдар жер қыртысының пайдалы қазбаларын мөлшерден көп тұтынуда. Соның салдарынан пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға сарқылуда. Осындай келеңсіз құбылыстар төмендегі жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.
Атап айтсақ, дүниежүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, бұл энергия тапшылығын болдыруда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін баламалы энергия көздерін пайдалану өте маңызды. Баламалы энергия көздері бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ, көмір) ресурстарды үнемді тұтынуды және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануды көздейді.
Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азаюы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайының тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы, ол – «Жасыл экономика» және баламалы энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану. Экономиканы жүзеге асыру мақсатында заңнамаларымызға енгізілген өзгерістер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы энергия өндіруші компанияларды қолдауға, экологиялық таза көлік құралдары өндірісін ынталандыруға, сонымен қатар су ресурстарының бөлінісі арқылы қоршаған ортаның жайкүйін жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемалы салаларды жетілдіруге және реттеуге бағытталған. Бұл сәйкесінше, экономиканың түрлі салаларының дамуына оң әсерін тигізеді.
«Жасыл экономиканың» негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ, шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес, шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру оңай емес, жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты. «Жасыл экономиканың» артықшылықтары ретінде бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері, газбен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу, қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыруға, климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальт бетондық технологияларды қолдану, қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі, кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және тағы басқаларды айта аламыз.
«Жасыл экономиканың» қағидалары: әділеттілік (теңдік); адамгершілікті құрметтеу (барлығы үшін өркендеу), сақтық (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу), қатысу (шешімдерді қабылдауда кеңінен қатысу), басқару (есепке бағыныштылық), тұрақтылық (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу), тиімділік (тұрақты өндіріспен тұтыну). Бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға негізделген. Сонымен бірге энергияларды тудыру, іздестіру, энергияны сақтау, энергетикалық инфрақұрылым, энергетикалық тиімділік, тасымалдау, су және ағынды сулар, ауа және қоршаған орт а, материа лдар, өндіріс өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, рециклинг және жолдары (қалдықтарды басқару) «Жасыл экономиканың» сегменттерінің қатарына кіреді.
Рециклинг – бұл өнеркәсіптік өндіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қолдану. Бүгінде елімізде «Жасыл экономикаға» ауысу бойынша тұжырымдамалар, түрлі іс-шаралар жасалуда. Осы құрылған жоспарлар бойынша келешекте Қазақстанның болашағы жарқын болатындығына еш күмән жоқ. «Ел алдында тұрған «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттері ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру, қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңа ларын салу, қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рент абельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру, ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру.
Еліміздегі «Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыру үш кезеңде жоспарланады.
Бірінші кезең – 2013-2020 жылдар – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру.
Екінші кезең – 2020-2030 жылдар – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу.
Үшінші кезең – 2030-2050 жылдар – олардың жаңартылуы жағдайының негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.
«Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттарына тоқталсақ, бірінші бағыт – жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекеттің табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүниежүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ, олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек көмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстанның жақсы эко жүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптары жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.
Үшінші бағыт–ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әртүрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірме стен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: жердің құнарлылығын басқару, суды тиімді пайдалану, өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару, фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйе сін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және бақылаудың жоқтығы жиі кезде седі. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы елімізде іске асырылуда. «Қазіргі уақытта елімізде «Жасыл энергетиканың», яғни, күн, жел сияқты энергия көздерін пайдалану мөлшері жыл сайын артып келеді. Болашақта, дәлірек айтқанда, алдағы екі-үш жыл көлемінде мұндай энергияны пайдалану мөлшерін 35 пайызға көтеру жоспарлануда.
Қорыта айтқанда, «Жасыл экономиканың» артықшылықтары мынадай мүмкіндіктерге жол ашады: бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану, газбен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу, қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру, климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальт бетондық технологияларды қолдану, қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі, кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және тағы басқаларды өндіріске енгізу.
Сәуле ЕСҚҰЛОВА
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




