«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіби бухгалтерлер кеңес береді

Кәсіби бухгалтерлер кеңес береді
Автор
Биылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енуіне орай, Салық кодексімен үш ғана арнаулы салық режимі көзделген. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимдері. Бұрын болған АСР (патент, арнаулы мобильді қосымша, бөлшек салық, тіркелген шегерім, АШӨ үшін АСР) күшін жойған. Бүгінгі күні Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетов Салық Кодексі бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, қазір елімізде болып жатқан науқан, бұл бұрын АСР қолданған кәсіпкерлер, 2026 жылға жаңа Кодексінің ережелері бойынша жұмыс істеу үшін режимді таңдау керек, яғни берілген уақыт аралығында режимді тандау бойынша өз құқықтарын іске асыру қажет.

«Оңайлатылған декларация негізіндегі режимге көшу туралы айтатын болсақ, 2025 жылы оңайлатылған декларация негізіндегі, бөлшек салық және тіркелген шегерімдер арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер, егер оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған болса, 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет. Аталған хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылмаған жағдайда, аталған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде көшіріледі», – деді ол.

Баяндамашының айтуынша, хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады. Яғни, салық төлеуші кабинеті арқылы (ИСНА АЖ жүйесінде «Құжаттарды ұсыну» – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі), «E-Salyq Business» арнаулы мобильді қо сымшасы арқылы («Сервис» – «Жеке кәсіпкердің салық режимін ауыстыру»), орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы ұсына алады. Ерлан Мирамбекұлы оңайлатылған декларация негізіндегі басқа да талаптарды баспасөз мәслихаты аясында түсіндіріп өтті.

«Ал енді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимге көшу бойынша айтатын болсақ, 2026 жылғы 1 наурызда салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ін немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСРін қолданған салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде есептен автоматты түрде шығарады. Есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі, бұл ретте салық төлеушінің өз бетінше есептен шығу туралы өтініш беру құқығы сақталады. Егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынып, басқа режимді таңдаған болса, автоматты түрде есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып табылады», – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ шаруа қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және салық төлеушілерден хабарлама ұсынуды талап етпейді.

– Жоба шеңберінде салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша ұғымды және практикалық түсініктемелер ала алады. Кеңес беруді кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Тараз қаласында кеңес беру Қойгелді батыр көшесі, 188 мекенжайында орналасқан Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығында өткізіледі. Бухгалтерлердің кеңес беру кестесі 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында – аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, 2026 жылдың наурызынан бастап аптасына екі рет жүргізіледі. Ал аудандарда қабылдау мемлекеттік кірістер басқармаларында ұйымдастырылады. Қосымша Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бейнеконсультация, телефон байланысы, онлайн-консультация форматында өзара іс-қимыл қарастырылған. «Халық бухгалтері» акциясы кәсіпкерлердің салық сауаттылығын арттыруға, уақытылы профилактикалық және кеңес беру арқылы бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған, – дейді Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетов.

Жалпы, Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша жыл басынан бері облыс көлемінде бизне с субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жүргізіп келеді. Бастама бақылау моделінен салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге (модельге) көшу шеңберінде іске асырылуда.

Науқан 2026 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымына дейін жалғасады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар