Былтыр ол ауыл маңынан мал бордақылауға арналған алаң ашып, осы арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлген болатын. Бүгінде ол мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтап, бордақылау жұмыстарын іске асыра бастады. Керим Уджур алдына қойған мақсатына жету үшін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан 200 бас қызыл қасқа тұқымды бұзау сатып әкелген. Бұл – мал өнімдерін өндіруде сапалы өзгерістер жасауға мүмкіндік беретін бастама. Сөйтіп Масаншы ауылының маңынан мал бордақылау алаңын ашу арқылы ол мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Сондай-ақ ол ауыл тұрғындарының экономикалық жағдайын жақсарту мен әл-ауқатын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығын әртараптандыруды көздейді. «Шаруашылыққа әкелінген жаңа бұзаулардың ерекшелігі – олар жоғары өнімділік көрсеткіштерімен танымал.
«Бұл жоба бізге сапалы ет өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді», – дейді ол.
Шаруаның алдына қойып отырған жоспарлары да ауқымды. Ол егістік алқабын ұлғайтып, өз иелігінен орылатын дақылдар арқылы бордақылаған малға қажетті мал азығын алуды мақсат етеді.
– Ауыл шаруашылығы үшін қажетті арнайы техникаларымыз да іске жарап тұр. Әзірге бордақы алаңының жұмысын қамтамасыз ету үшін төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын, – дейді қожалық жетекшісі.
Қазір Керим Суалихарович қожалық іргесінен қосымша бордақы алаңының құрылысын бастап, қой басын көбейтуді көздеуде. Бастапқы шаралар жүзеге асырылғаннан кейін, ол тек мал емес, сонымен бірге, егіншілікті де дамытуға бағытталған ауқымды жобаларға қайта кіріспек. Керим Уджурдың ауыл шаруашылығы саласындағы бастамалары – экологиялық таза өнімдер өндіру, жергілікті халықты жұмыспен қамту және ауылдық экономиканың дамуына үлес қосу.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ
журналист.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




