Өңірде кұқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 4 965 рейдтік іс-шара өтті
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2026
- 654
Іс-шара ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Астана» көпсалалы колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
—Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – тек полицияның ғана емес, қоғамның ортақ міндеті. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы ғана олардың заңға қайшы әрекеттерге баруына жол бермейміз. Облыс аумағында осы бағытта 4 965 рейдтік іс-шара өткізіліп, қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 15,8% пайызға төмендеді, —деп атап өтті ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азат Пирматов.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі пайдалы жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Заң және балалар: қатесіз болашақ
- 30 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




