Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалым Оразбеков пен Тараз қаласы Полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының бастығы Шакизат Юсупова қатысты. Олар сыныптың лентасын қиып, оқушыларды маңызды бастамамен құттықтады.
Жиын барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды. Сондай-ақ, жас сақшыларға естелік сыйлықтар берілді.
—«Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен патриоттық тәрбиеге бағытталған маңызды қадам. Балалардың полиция қызметінің маңызын түсінуі және өз құқығы мен міндеттерін білуі өте маңызды. Осындай бастамалар арқылы біз елдің қауіпсіздігіне өз үлестерін қосатын саналы азаматтар тәрбиелейміз,- деді Ғалым Оразбеков.
Іс-шара соңында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін арнап, олармен еркін форматта әңгімелесіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




