Ал дәл осы міндеттің мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда қай деңгейде орындалып отырғаны – бүгінгі күннің бас ауыртар басты мәселесі. Егемен еліміздегі мемлекеттік аудит жүйесінде іске асырылатын дәйекті реформалар, цифрлық мониторингт технологияларының енгізілуі мен халықаралық тәжірибелерге талдау жүргізу – заң бұзушылықтардың алдын алуда әрі бюджет дағдарысын болдырмауда шешуші рөлге ие. Бір сөзбен айтқанда, мұнда жүйелі жүргізілген тексерулердің қорытындысы нақты дәлел бола алады.
Iшкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңіріміздегі мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда 45 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 44 аудиторлық іс-шара барысында жалпы сомасы 11,832 миллиард теңгеге қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталған. Ал бұзушылықтардың ең көп көлемі, яғни 5,7 миллиард теңге қаржылық операциялармен байланысты. Нақ осы соманың 55,3 миллион теңгесі бюджетке өтелуге жатады. Бүгінгі күнге дейін 33,1 миллион теңге қайтарылса, бұл шамамен 60 пайызды құрайды. Сондайақ қалпына келтіруге 939,2 миллион теңге де жатады. Оның 827 миллион теңгеден астамы орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер есебінен өтеледі.
Мемлекеттік аудиторлық шаралар барысында бухгалтерлік есеп саласында да 4,7 миллиард теңгені құрайтын елеулі бұзушылықтар тіркелген. Бұдан басқа, аудиторлар 13 миллиард теңгеден астам қаражатқа, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде рәсімдік бұзушылықтарды анықтаған. 3,4 миллиард теңгеден астам қаржылық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жоспарлы тексерулер шеңберінде белгілі болған. Сонымен қатар азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінің нәтижелері бойынша тағы 1,6 миллиард теңге анықталған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына бірқатар фактілер бойынша материалдар жіберілді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жалақы алған күні өзіңді өте бай сезінбе...
- 26 қаңтар, 2026
Қажет пе, қалау ма: саналы тұтынудың пайдасы
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




