"Қамқоршымнан қорлық көрдім" деген Құндыз бен Назгүлдің ендігі тағдыры не болмақ?
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2026
- 617
Дәл осы инцидентті өз көзімен көрмекке арнайы Таразға келген белгілі тележурналист Руслан Өтепбай тағдырдан теперіш көрген қос қыздан сұхбат алды. Instagaram желісінде жарияланған бейнежазбада Құндыздың бұл іс-әрекетке өзінің қамқоршысы барғандығы айтылады.
"Қамқоршысы асырап алған қызының аузы мен қол-аяғын скотчтап тастаған. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін. Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар!”, – деп журналист құзырлы органға жүгінген.
Аталған фактіге қатысты жергілікті полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 110-бабымен (Азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеуде.Толық және жан-жақты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады", – делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Заң және балалар: қатесіз болашақ
- 30 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




