«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені өтті

Таразда «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені өтті
ПД
Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені аясында қалалық форум ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Іс- шара модераторы, ПД психологы Айжан Түктібаева форумның маңызына тоқталып, жастарға жиынның берер тәлімі мол екенін атап өтті. 

Кездесуге Тараз қаласы әкімінің орынбасары Улана Сламбекова, қала прокуроры Нұржан Боранбаев, Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар қатысты.

Кездесу барысында Жамбыл облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Мұхаммед Қошмағанбетов интернет-алаяқтық пен кибербуллингке қарсы күрес жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Диляфруз Кинжеханова отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және көмек көрсету шаралары туралы баяндады.

Сондай-ақ, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Зарифжан Юсупов радикалды идеология мен діни ағымдардың дұрыс жеткізілуін қадағалау мәселелеріне тоқталды, ал Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Айгерім Каукешова есірткіге тәуелдіктен қалай сақтану, қылмыс құрбаны болмау жолдары туралы ақпарат берді.

Форум барысында қала тұрғыны сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Ол тәртіп, тәрбие мен мәдениет өзара сабақтасып, қоғам мен құқық қорғау органдары бірлесе әрекет етуі ғана қауіпсіз ортаны қалыптастырады деп ойын жеткізді.

Жиынға қатысушыларға әсіресе, кинолог мамандарының қызметтік иттердің көмегімен қылмыстарды ашу әдіс-тәсілдерін сахналап көрсетуі ерекше әсер сыйлады. 

Кездесу соңында мобильді топ керуен автобусымен қала көшелерін аралап, дауыс зорайтқыш арқылы аталған бағыттарда ескерту үндеулерін жасады. 

 «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені алдағы уақытта да өңір аумағында жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар