Бұл жанұяның отағасы Тілеухан Лесбаев Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектепгимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етсе, жұбайы Айнар Спатова №2 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруде. Екі жұп 1998 жылы шаңырақ көтерсе, биыл отбасын құрғандарына 28 жыл толып отыр екен. Тағы бір ұқсастық бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалығына екеуі де 2018 жылы сайланған. Бұл қоғамдық жұмысты атқарып келе жатқандарына да 8 жыл.
Жалпы, 8 саны – бұл отбасы үшін қасиетті сан іспетті. Олай демеске негіз жоқ, №30 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, математика пәнінің мұғалімі Тілеухан Өс ербайұлы 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдап, еңбек жолын осы жылы Түлкібас ауданының Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте бастаған. Ал 2001 жылы бүгінгі күні өзі еңбек етіп жүрген Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясына ауысады. Бұл мекемедегі еңбек өтілі 24, ал осы оқу жылын қоса есептесек, 28 жылды құрайды.
Ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық қырларын меңгеруде ізденімпаздығымен , жаңашылдығымен, іскерлігімен көзге түскен, өз ісін жетік меңгерген білікті маман. Еңбегі ескерусіз емес, басшылық тарапынан көптеген Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған. Пәні бойынша бірқатар байқаулардың қатысушысы болса, оқушылары жеңімпаздар қатарынан көрініп жүр. Өткізген сабақтары білім саласының газетжурналдарында жарық көрген. Ал біліктілік санатына келсек, педагогзерттеуші.
– Мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарып келе жатқаныма сегіз жылға жуықтады. Ұжымның қалауымен сайлауға түсіп, 2018 жылы қараша айында сайланған болатынмын. Ал менен кейін бір айдан кейін жұбайымды өзі еңбек етіп жүрген мектеп ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы етіп сайлады. Сөйтіп 2018 жылы екеуіміз екі мекеменің қоғамдық ұйымына сайланып, ол міндетті бүгінге дейін абыроймен алып келеміз. Жалпы, мектепте бұл ұйымның атқарар жүгі де, жауапкершілігі де көп. Ұйымдастырылатын ісшаралар, сауықтыру шаралары, басқа да толып жатқан жауапты міндеттердің ішінде жүріп ысылдық, тәжірибе жинадық. Осының арқасында ұжымның сеніміне ие болдық. Кейбір мәселелерде жұбайымыз екеуіміз кеңесіп, пікірлесіп отыратынымыз бар. Ол әрине жұмысымыздың жүруіне, ұжым мүшелерімен тіл табысуда үлкен көмек болуда. Осының барлығы да қазір ойлап отырсам, табандылықпен, еңбекпен келген абырой екен, – дейді Тілеухан Өсербайұлы.
Ал жұбайы Айнар Амангелдіқызының жалпы еңбек өтілі – 24 жыл. Бұл жылдарда Айнар өзі сабақ беретін пәні бойынша көп жетістікке жеткен. Облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері болса, оқушылары да облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды олжалап жүр. Халықаралық конференцияларда да жақсы нәтиже көрсеткені үшін бірінші дәрежелі дипломдарды иеленген. Мәселен облыстық байқауларда 7 оқушысы жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленсе, ре спубликалық жарыстарда 19 оқушысы жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін марапатталған.
Осы еңбегі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хатын атамағанның өзінде, оның бергі жағында Оқу-ағарту министрінің «Ы.Алтынс арин» атындағы медалімен, сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрінің «Мейірім – әлемге махаббатпен» медальдарымен марапатталған. Айнар да кәсіподақ төрайымы болып сегіз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақытта өзінің жауапкершілігі, адалдығы мен білім-біліктілігінің арқасында мектеп қызметкерлерінің мүддесін қорғап, сауықтыру шаралары мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруда бастамашы болып жүр.
Оның осы іскерлігі ұжымдағы түрлі келіспеушіліктер мен еңбек дауларының алдын алуда себеп болуда. Ол мектептің, қаланың, облыстың қоғамдық жұмыстарын, оның ішінде кәсіподақтық бастамаларымен өтетін мәденикөпшілік іс-шаралардың бел ортасында жүріп, белсене қатысып, республикалық салалық кәсіподағының Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен де марапатталған. Бүгінде отағасы екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр.
Үлкен ұлы Алихан М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Автоматтандыру және басқару » факультетін қызыл дипломға бітіріп, инженер мамандығын алған. Қазіргі таңда Тараз қаласында QAZAQGAZ AIMAQ мекемесінде қызмет атқарып жүр. Ал Алишер Тараз мемлекеттік университетінің «Физика» факультетінің 4-курс студенті.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




