Ол батырдың ерлігі мен өнегелі өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі екенін атап өтті. Одан кейін аудандық мәдениет үйінде жергілікті театр әртістерінің «Халық батыры» қойылымын тамашалады. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте «Жас Сақшы» сыныбының салтанатты түрде ашылуына қатысып, оқушылар ант қабылдап, сақшы куәліктері табысталды.
Айта кету керек, бұл бастама жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбие қалыптастыруға бағытталған. Іссапар аясында ПД бастығы аудан тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқыға салды. Тұрғындар еркін түрде өз ұсыныстарын жеткізіп, ашық пікір алмасты.
Кездесуде Жуалы өңірінің ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, тарихшы Дәулетжан Байдалиев аталған департамент бастығына өзінің «Жуалы генералдары» кітабын сыйға тартты. Еңбекте аталған ауданнан шыққан 14 генералдың өмір жолы баяндалған.
Жұмыс сапары қорытындысында Қ. Сұлтанбаев жеке құрамның жедел-қызметтік жұмысы бойынша есебін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерін халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге, «Заң мен тәртіп» қағидаты талаптарын сақтауға, қызметке адал болуға шақырды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен күдіктілер ұсталды
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




