«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Әрбір министр мен әкімнен нақты нәтиже керек»

«Әрбір министр мен әкімнен нақты нәтиже керек»
Автор
Осы аптада өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті.

– Кешегі өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы болып табылатын бастамаларын жария етті. Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы ұсыныстар саяси жүйемен қатар, азаматтарымыздың мәдениетіне де демократиялық қағидаттарды біржолата орнықтыру процесі жүріп жатқанын білдіреді. Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Бұлар – қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына деген мызғымас ұстаным. Ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан» да негізгі құндылықтардың қатарында тұр», – деп атап өтті Премьер-министр.

Жиында сондай-ақ Мемлекет басшысының еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты алға қойған негізгі міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігіне назар аударылды.

– Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі то сын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнің, әрбір сала мен өңірдің көзге көрінетіндей нақты нәтижелері керек, – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

 

Aq jol-Aqparat

Ұқсас жаңалықтар