Тәрбиелік тағылымы мол іс-шара ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздік жолында ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың жарқын бейнесіне тағзым етіп, оның ерлігін жас буынның санасына сіңіруге бағытталды.
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Бақытұлы, сондай-ақ батырдың ұлы Арманжан Әбдібеков арнайы қатысып, жас сақшыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында «Жас сақшы» тобының білім алушылары саптық дайsндық пен әскери тәртіпке негізделген оқу-жаттығу көрсетілімін ұсынды. Олар сапқа тұру, оқу-жаттығу мылтығын шашу және жинау сынды ұрыс тактикаларымен бөлісті. Жаттығу барысында жас сақшылардың тәртіпке, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке бейім екендігін айқын аңғартты.
Айта кетейік, арнайы сыныпта батырдың өмір жолы, қызметтегі ерлігі, марапаттары мен тағылымды деректер жинақталған. Бұл бөлме – жас ұрпақ үшін ерлік пен адалдықтың, Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Заң және балалар: қатесіз болашақ
- 30 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




