Дара тұлға республиканы басқарып тұрған кезінде облысымызға жұмыс сапарымен талай рет келген. Нұрын төгіп, елмен ой бөлісті. Үлкенге ізетін көрсетіп, кішіге мейірімін төккен. Қонаев атамыз малшы, инженер, диқан, сауыншы, тракторшы, сушы азаматтармен де жұмыс басында сөйлесіп, үнемі еңбек адамдарына көңіл бөлді.
Әр адамның жүрегінен орын алған, парасат пен сабырдың иесі. Сондықтан, 1986 жылы желтоқсанда қызметін өткізген Дінмұхамед Қонаевты қимағандар көп болды. Желтоқсан көтерілісіне қазақ жастары белсене қатысты. Сол жастардың арасында өзіміз де жүрдік. Дінмұхамед Ахметұлының туған күніне орай Тараз қаласындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі жыл сайынғы дәстүрге айналған. Биыл осы рәсімге «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбеков бастаған желтоқсаншы азаматтар да қатысып, гүл қойып, құрмет көрсеттік.
«Қонаев – қазақ халқының бағына туған дара тұлға. Халқымызға сіңірген еңбегі ерен. Алдыңғы буын аңыз атамыздың заманында еңбек етті. Ол кісінің жақсылығының ауылға жеткен лебін сезінді. Қазіргі жас буын Қонаев аталарын ерекше құрметтейді. Ол кісінің қазақ халқы үшін атқарған өлшеусіз еңбегін оқып, зерделеп, көңілге түйеді. Дінмұхамед ақсақалға арналған өлеңдерді жастар жатқа біледі. Бұл Димаш атамыздың үлкен еңбегіне берілген жоғары баға», – дейді желтоқсан көтерілісіне қатысушы Сәкен Мырзабай.
Қонаевқа құрмет – қазақ халқына деген құрмет. Айтулы азаматтың есімі қазақ халқының жүрегінде ұзақ сақталатыны анық.
Дүйсембек ТАУАСАРОВ
Желтоқсаншы
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




