Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы, мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Балаби Сабырдың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында өсім бар. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 485,4 миллиард теңгені құраған. Ал ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетіп, ол алқаптан 3,3 миллион тонна өнім жиналған. Оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 миллион тонна көкөніс, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары бар. Қант қызылшасы алқабы толық жиналып, 221 мың тонна өнім алынып отыр.
Бүгінгі күні егіс алқаптарынан жиналған өнімнің 451,6 мың тоннасы қоймаларда сақталуда. Оның ішінде 436,9 мың тонна пияз, 1,8 мың тонна картоп, 540 тонна сәбіз, 12,1 мың тонна басқа да өнім түрлері бар. Жиналған өнімнің 888,7 мың тоннасы Ресей, Қырғыз, Пәкістан, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттеріне экспортталған. Оның ішінде 410 мың тонна пияз бар. Осынша өнімнің жиналуына соңғы жылдары техника паркінің жаңаруы да оң септігін тигізіп отырғаны анық.
– Диқандардың күшімен биыл 858 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Оның 391-і трактор-комбайн болса, 467-сі ауыл шаруашылығы тіркемелері. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 6,3 пайызды құрады. Мал шаруашылығында ет өндірісі (тірі салмақта) 2,2 пайызға, сүт 1,7 пайызға артты. Президент тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан жерлерді қайтару бойынша 61,8 мың гектар жер телімі қайтарылған. Ал «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 миллиард теңгеге 437 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ облыста 66,5 мың гектар егіс алқабына су үнемдеу технологиялары енгізілген. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандарында 322 су нысандары қайта жаңғыртудан өткізілуде. Су саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында 184 миллиард теңге есебінен 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қоймасын қайта жаңарту және 312 каналды жөндеу жоспарлануда, – дейді Балаби Сабыр.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен барлық мемлекеттік органдарға бизнес пен ауыл шаруашылығы саласына дұрыс көңіл бөліп, олармен үйлесімді жұмыс жүргізуді, болашағы зор жобаларға қаржы салатын кәсіпкерлер мен инвесторларға қолдау көрсетуді қатаң тапсырғаны белгілі. Президент тапсырмасы облысымызда да жауапкершілікпен орындалуда. Мәселен, өңірімізде «Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға жеңілдетілген несие беру» бағдарламасын (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату) іске асыруға былтыр республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге қарастырылып, 13 жоба қаржыландырылған. Ал 2019-2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы 42,2 миллиард теңге бөлініп, 8 мыңға жуық жоба несиелендірілді.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 миллиард теңгеге 437 жоба қаржыландырылған. Сонымен қатар сапалы тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау және жанар-жағармай заттарын сатып алу үшін кооперативтерге 946,9 миллион теңге айналым қаражаты берілді. Жоба биыл да өз жалғасын табуда», – дейді Балаби Сабыр.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жеке кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимін ауыстыруы қажет
- 20 қаңтар, 2026
Есеп-шоттағы ақшаны қалай жұмсауға болады?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




