«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған

Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
Автор
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Премьерминистрдің ресми сайтында жарияланды.

2025 жылғы 18 желтоқсанда Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау туралы тапсырма берген болатын. Талдау қорытындысы бойынша Қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 триллион теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 триллион теңгеге артық) Қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады.

Бұл ретте 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 миллиард теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 миллиард теңге болған. Талдау көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды. Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті жалған пациенттерді тіркеу (контингент тіркелген кезде 1 мың адам болғанмен, іс жүзінде медициналық қызметке 500-ге жуық жүгінеді, алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізіледі), азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету, МӘМС және жұмыс берушілердің ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру, қысқа мерзімде медициналық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету, қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету, балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру және тағы басқа да бірқатар жүйелі заң бұзушылықтарды анықтады. Қаржы министрі Мәди Такиев нақты сандар мен мысалдар келтірді.

Атап айтқанда, жекеменшік клиника бір күнде 1442 пациент қабылдаған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданды (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Астана қаласындағы сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4832 науқасты қабылдаған. Бір маманда бір айда 1713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған. Сондай-ақ 996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3640 оқиғасы анықталды. Мысалы, 2023 жылы қайтыс болған адамды 2,5 жыл өткен соң 2025 жылы қабылдауға жазған. 1,8 миллиард теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойыны обырына) скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген.

Алматы облысындағы тек бір аудандық ауруханада осындай 11123 жағдай анықталды. Жетісу облысында балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68717 жағдайы нақтыланды. Диксимид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған. Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығарған 2872 жағдай белгілі болды. Астана қаласындағы балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда бір күнге жетпейтін уақыт қана болған. Осындай тағы басқа да деректер бар.

Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі. Сондай-ақ салық органдары медициналық ұйымдар басшыларына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында 1465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, ал 912 адамның 1416 автокөлік иеленгені анықталды. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған.

Сонымен қатар Қормен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базасының шашыраңқылығы атап өтілді. Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бірыңғай деректер қорының болмауы қолданыстағы нормативтік базаның көп жағдайда ха лыққа медицина лық көмек көрсетудің түпкі нәтижесіне емес жекелеген ұйымдардың (МӘМС, «СК Фармация») қызметтеріне байланыстырылуына алып келді. Медицина лық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы, жарақтандырылуы және кадрлық талаптары бастапқы расталғаннан соң одан кейінгі бақылау іс жүзінде жүргізілмейді.

Бақылаудың алдын алу тетіктері құрылмаған, бұл медициналық ұйымдардың ТМККК және МӘМС құралдарын мақсатсыз пайдалануды дер уақытында болдырмауға мүмкіндік бермейді. Жүйеде үнемдеуге ынталандыру жолға қойылмаған, үнемделген қаражатты бюджетке қайтару құралдары қарастырылмаған. Тиімділікке емес, қаражатты игеруге деген мотивация орныққан. Тариф белгілеуде де белгілі бір проблемалар анықталды. Жүйеде 3 мыңнан астам тариф қолданылады, бұл медициналық қызметтерді әкімшілендіру мен бақылауды едәуір қиындатады.

Жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов барлық қаржы ағындарын бақылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды. Сонымен қатар Қаржы министрлігіне барлық айтылған деректер бойынша материалдарды процестік шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау органдарына беру, Қаржы министрлігі жүйелерінің базасында денсаулық сақтау жүйесінің барлық бизнес-процестерін толық цифрландыруды қамтамасыз ету және ӘМСҚ активтерін орналастыру мен инвестициялық табыс алу жөніндегі инве стициялық ст ратегияның параметрлерін қайта қарау арқылы негізсіз қаржыландыруды тоқтату тапсырылды.

 

Aq jol-Aqparat

Ұқсас жаңалықтар