«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңашыл директор жүлдегер атанды

Жаңашыл директор жүлдегер атанды
Автор
Жақында Алматы қаласынан қуанышты хабар жетті. Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында әр қала мен облыстардан жиналған 34 мектеп директорының арасынан Тараз қаласындағы №66 орта мектебінің директоры Фарида Шортанбекова жүлделі үшінші орын иеленіпті. Бұл жаңалыққа елеңдеп қалдық. Тараздық мектеп басшысын үздік үштіктің қатарына жеткізген қандай нәтиже? Біз бәсі биік байқаудың жүлдегерімен жүздескенше асықтық.

Ашылғанына бар болғаны бір жылдан енді асса да, білім ордасы – мақтаулы мектептердің санатында. Бүгінгі таңда 2012 оқушыға 130 педагог білім береді. Оның ішінде 7 шебер, 32 зерттеуші, 22 сарапшы, 35 модератор, 5 Ыбырай Алтынс арин төс белгісін иеленген, 1 «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз болған үздік ұстаздар бар. Бұл әрине білім сапасының жақсаруына ықпал етеді. Мектеп ұстаздары «Жайлы орта құру арқылы білім беру кеңістігін кеңейте отырып, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, көптілді және рухани бай, салауатты зияткер тұлғаның дамуына ықпал ету» тақырыбында білім берудің инновациялық әдістерін енгізіп, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Білім ошағында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың бойына отаншылдық сезімді, ұлттық рухты оятуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың жеткен жетістіктері де аз емес. «Зерде» ре спубликалық зерттеу жобалары байқауының ре спубликалық ке зеңінен Әділжан Айдархан жүлделі үшінші орынмен оралса, «Мен зерттеушімін» экологиялық байқауында 6-сынып оқушысы Айша Әбдіғұл облыстық кезеңде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған. Астана қаласында өткен «INFORMATRIX – ASIA2025» халықаралық компьютер жобасында 8-сынып оқушысы Ерсұлтан Тұрар жүлделі бірінші орынды иеленген.

Бұл ретте Ерсұлтанның жетекші ұстазы Динара Қарымсақованың ерекше ізденісін айта кеткеніміз жөн. Мұғалімдері ізденімпаз, оқушылары жаңашыл мектептің директоры да осал емес. Себебі сол ұстаздар мен оқушыларды алға жетелеп, ізденісті талап етіп, нәтиже беретін түрлі салаға бағыттап отырған тұлға – директор. Нақтырақ айтқанда, мектептің жетістігі – директормен, директордың жетістігі–мектеппен байланысты. Ол туралы мектеп директоры, «Құрмет» орденінің иегері, республикалық байқаудың жүлдегері Фарида Советбекқызы былай түсіндірді.

– Былтыр «Педогогикалық идеялар фестивалі» деп қалалық білім бөлімі мәліметтер сұратты. Мектеп жетістіктерін жинақтап ұсындық. Сөйтсек, қалалық кезеңнен, артынша облыстық кезеңнен бас жүлде алыппын. Осылайша, республикалық кезеңге өтіп, 34 директормен бірге сарапшылар алдында жобамды қорғап шықтым. Жобаны қорғағанда артық жасап қойған ештеңем жоқ, мектептің бір жылда жеткен жетістігін айттым. Менің жобамның тақырыбы «Келешек мектептері: жобалық ойлаудан, жобалық өмірге» деп аталды. Осы мектепке директор болып келгенімде «Келешек мектеп» атына лайықты болу үшін не істеуім керек, білім ошағы несімен ерекшеленуі керек деп көп ойландым. Ойлана келе, бірнеше жоба жасау керектігіне тоқталдым. Мұғалімдердің құжаттарына қарап отырып, тіл маманы Қарлығаш Әбдірахмановаға облыс әкімі сыйға тартқан телестудияны жүргізіп, «МектепLIFE» медиа жобасына жетекшілік жасауды т апсырдым. Ол жұмысты дөңгелетіп әкетті. Қазіргі таңда осы бағытта «Мектеп Life» интернет газеті, «Мектеп news» жаңалықтар топтамасы, «Достар podcast», «Талант Time» tv ток-шоу, «Ұстаз voice» мұғалімдермен сыр-сұхбат, «Айшаның әлемі» сыр-сұхбат, «Future Lab» ғылым мен технология бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл оқушылардың талантын ашуға үлкен мүмкіндік. Бұдан бөлек мектебімізде кітапты түсініп, саналы түрде оқуға бағыттайтын «BookLab», оқушылардың эколгиялық сауаттылығын арттыратын «EcoQuest – Жасыл мектеп», білім сапасын арттыруға және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға арналған «BILIM AL» білім жобалары жұмыс істейді. «Жасыл мектеп» жобасы аясында Інжу Дәулет деген оқушы қызымыз қара талдың тұқымынан 3 мың көшет өсіріп шығарып, оны мұғалімдер мен оқушылар болып жабылып мектептің айналасына ектік. Дағдыларды дамытуға арналған «STEPLINE», ғылыми зерттеу жұмыстарына негізделген «SPECTRA» жобалары жұмыс істеп тұр. Бір оқушымыз әйгілі зерттеуші Затаевич жинаған күйлерді және басқа да зерттелмеген күйлерді әр аймақтан тауып, электронды нұсқасын жасап шықты. Бізде қызыл кітапқа енген аңдарды зерттейтін, өрт сөндіруді дамытуға арналған ғылыми жобалар бар. Суды үнемдеу технологиясы мен дронмен от сөндіру бойынша оқушылар жоба жасап ізденіп жатыр. Ұлттық құндылықтарға да аса мән береміз. Жазда киіз үйді тігіп тастап жаздық мектеп лагерін де аса қызықты ұйымдастырдық. Сол ұлттық бояумен өрнектелген киіз үйге жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Елен Әлімжан қонақ болып Тараз қаласының тарихын оқушыларға әсерлі әңгімелесе, көкпардан Азияның бірнеше дүркін чемпионы Нұрдәулет Момынов ат спорты, жылқының құндылығы, қамшының қасиеті туралы баяндап берді. «Үздік алаң» – шығармашыл және дарынды жастарды бір ортаға біріктіріп, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасайтын жоба. Әр жыл сайын «Үздік сынып», «Үздік әдістемелік бірлестік», «Үздік мұғалім», «Үздік сынып жетекші», «Үздік оқушы» жобаларының жеңімпаздары анықталып, марапатқа ие болады. Міне, о сындай жобаны қорғап жеңіске жеттім, – дейді Фарида Шортанбекова.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар