Сақшы сыныптарын ашу ішкі істер органдарының өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі. Жоба – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға, тәртіп пен қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
ПД бастығының өңір тұрғындарымен өткен кездесуде аудандық полиция бөлімінің өткен кезеңдегі жұмысының қорытындылары баяндалып, әңгіме ашық форматта өрбіді. Сонымен қатар тұрғындар диалогқа белсенді қатысып, сұрақтар қойды, ұсыныстарын білдіріп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында «Арақсыз ауыл» акциясына қатысушылар марапатталды. Акцияның мақсаты–салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Қайсар Сұлтанбаев азаматтарды жеке қабылдап, аудан тұрғындарының ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін тыңдады. Барлық өтініштер бақылауға алынып, оларды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.
Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен өткен жедел кеңесте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында басым міндеттер айқындалып, қызметтік тәртіп пен жедел қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Сауаттылық – қоғам қауіпсіздігінің іргетасы
- Бүгін, 16:39
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




