Облыстық және қалалық деңгейдегі жауапты мекемелердің өкілдері, құқық қорғау органдары, білім саласының басшылары, әкелер кеңесінің төрағалары, мектептердегі бала құқықтары жөніндегі өкілдер мен педагогтер қатысқан алаңда оқушылардың шығармашылық көрмелері қойылды. Ашық диалог «Адал азамат – жарқын болашақ!» с ахналық қойылымымен баст алып, пікірталаспен жалғасты.
– Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы қазіргі таңда оқу процесінде жүргізіліп отыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау, рухани адамгершілігін көтеру, отаншылдықты арттыру, әділетті, адал болуға тәрбиелейтін бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Оларға барлық балаларды қатыстырып, оң нәтижесін көруге ұмтылудамыз. Бүгінгі ашық диалог алаңы да оқушылар өз ойларын ашық айтып, арнайы шақырылған спикерлермен ой бөлісіп, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауап алады деген сенімдеміз, – деді Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева.
Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаев «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түрлі ортада кездесулерге барып, заң талаптарын түсіндіріп жүргендерін айтып, мұндағы мақсат қоғам мүшелері арасында бір-біріне деген құрметті сақтап, адалдықты үндеу екенін айтты. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадралиев, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев, Amanat партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уәлихан Болатбек, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Исламбек Дастан, №67 орта мектептің директоры Мұрат Тұрысбек, шебер жаттықтырушы Иван Ильницкий ойларын ортаға салды.
Ашық пікірлесу алаңында балалар құқығын қорғау, буллингтің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мәселелері сөз болды. №45 гимназия оқушылары «Буллингке қарсы Қалқан» жобасын таныстырып, №49 мектепгимназиясының педагогтері «Менің құқығым бар! Міндеттерім де бар!» тақырыбында тренинг өткізді.
Ашық диалог алаңының қорытынды бөлімінде №16 орта мектептің оқушылары балалар атынан үндеу жариялады. Олар заңға құрмет, тәртіпке жауапкершілік және қауіпсіз болашақ үшін әр оқушының белсенді болуы қажет екенін атап өтіп, барша қатысушыларды ортақ құндылықтарды қорғауға шақырды.
Залдағы барлық қатысушылар бұл үндеуді қолдап, «Біз қауіпсіз болашақты таңдаймыз!» деген ортақ ұранмен бірліктерін білдірді. Шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, кездесуге қатысушылар балалардың қауіпсіз, әділ әрі қорғалған ортада өмір сүруіне бағытталған ортақ ұстанымды тағы бір мәрте бекітті.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
«Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
- Бүгін, 16:44
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




