"Осы бағыт бойынша сұраныс қалыптасып, AI-зертханаларды енгізуге офтейк-келісімшарттар жасалды. Қуаты – жылына шамамен 25 мың жиынтық. Кейіннен ұлғайта отырып, 80 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр", – делінген Алматы қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, арнайы экономикалық аймақты инфрақұрылым жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов баяндады. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА жоғары технологиялық өндірістерге және R&D-ге арналған алаң ретінде дамуда. Оның қатысушыларының саны – 203 компания. Жұмыс істеп бастаған уақыттан бері резиденттер шамамен 399 млрд теңге инвестиция салған, 7,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 1 трлн теңге сомасында өнім өндірілген және қызметтер көрсетілген. Бүгінгі таңда АЭА аумағында құны 265 млрд теңге болатын 1000 жұмыс орны бар 24 жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде 2025 жылы 355 жұмыс орны құрылған 19 млрд теңгелік 6 жоба іске қосылды.

Алматы қаласы әкімдігінің деректері бойынша АЭА аумағы іс жүзінде 94% толған, бос учаскелер 7,7 га құрайды, бірақ жұмыс істеу мерзімі 2027 жылдың аяғымен шектеліп отыр, бұл капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруды қиындатады және инвесторлар үшін тартымдылықты төмендетеді. Осыған байланысты, өсу қарқынын сақтау және жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру үшін Премьер-министр АЭА-ның пайдалану мерзімін ұзартуды және оның аумағын кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістерді әртараптандыру және іске қосу жөніндегі міндеттерді ескере отырып, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін толықтыруды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық құрылтай 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтеді
- 13 қаңтар, 2026
Жамбылдықтар Дінмұхамед Қонаевты еске алды
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




